Әлемдегі ең кәрі әйел дүниеден озды

Жапонияда әлемдегі ең кәрі әйел Канэ Танака 119 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

1903 жылы қаңтардың 2-сі күні дүниеге келген кейуана 2019 жылы Гиннес рекордтар кітабына енгізілген еді. Қарт ана соңғы жылдарын Фукуока префектурасындағы қарттар үйінде өткізген. Танака шоколад пен газдалған сусынды сүйген және 120-ға дейін өмір сүруді жоспарлапты. Енді әлемде ең кәрі әйел 118 жастағы француздық Люсиль Рандон есептеледі. Ал ресми дерекке сүйенсек, күншығыс елінде былтыр 59 мыңға жуық ұзақ жасаған қарт тіркелген. Олардың басым бөлігі әйелдер көрінеді.

Сондай-ақ...