БҰҰ: Украинада 2665 бейбіт тұрғын қаза болды

БҰҰ-ның адам құқығы бойынша Жоғарғы комиссарының мәліметі бойынша, Украинада соғыс басталғалы 2665 бейбіт тұрғын көз жұмды. Марқұмдардың 195-і – бала. Тағы 3 мыңнан астам адам жарақат алған. Қаза тапқандардың көбі –  зымыран, әуе шабуылы, ауыр артиллерия мен реактивті жүйеден соққы алғандар, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Украина Сыртқы істер министрі БҰҰ-дан Мариупольдегі халықты эвакуациялау үшін Ресейге қысым көрсетуді сұрап отыр. Өйткені бүгін ұйым басшысы Антониу Гутерриш  Мәскеуде Владимир Путинмен кездеседі. Ал, бейсенбі күні Киевке жол тартып Владимир Зеленскиймен жүздеспек.

БІЗ ДЕ СОҒЫСА АЛАМЫЗ – УКРАИНАНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ

Дмитрий Кулеба, Украинаның Сыртқы істер министрі:

– Мариупольдегі эвакуация мәселесі бірінші орында тұруға тиіс. Бұл мақсатты жүзеге асыру БҰҰ-ның қолынан келеді.  Сонымен қатар Украина бірде-бір аумағын басып алуға жол бермейтінін айтқым келеді. Президентіміз де бұл туралы талай мәрте айтты. Біз жерімізді басқыншылардан азат етпей, тоқтамаймыз. Жеңіске деген сенімім болмаса, бұл жерде отырмас едім. Мен және Украина президенті Киевте отыр. Біз орыстардан қорықпайтынымызды дәлелдедік. Біз де соғыса аламыз. Әрине зардабы ауыр болады. Бұл – соғыс. Бізде жеңіске жеткеннен басқа амал жоқ.  

 

 

Сондай-ақ...