Жапонияда азық-түлік бағасы шарықтап барады

Жапонияда электр ақысы қымбаттап, иенаның құнсыздануы тұрғындардың шығынын арттырды. Әсіресе, қоғамдық тамақтану саласы зиян шегетін түрі бар. Өйткені күн шығыс елі азық-түліктің 37%-ін өзінде өндірссе, қалғанын импорттайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелден тасымалданатын тауарлардың қымбаттауынан ішкі өнімдердің бағасы да еселеп өскен. Мысалы, сырттан әкелінетін сиыр еті былтырғы қарағанда үш есе қымбаттаған. Импорттық жеміс-жидек пен көкөніс құнының өсуінен жергілікті өнімдердің бағасы артқан.

Бұған дейін азық-түлік пен өзге тауарларға айына 60 мың иенадай жұмсаушы едім. Қазір ай сайынғы шығыным 90 мың иенадан асып кететін болды.

Энергия құнының артуынан грекиялықтар да  жапа шегіп жатыр. Жергілікті кәсіпорындар қазіргі энергетикалық дағдарыс 1970-80-жылдардағыдан да қиын екенін айтады. Ресми дерекке қарағанда, наурыз айында электр бағасы 79, ал табиғи газ 68%-ке өскен. Салдарынан азық-түлік те қымбаттады.

Манолис, мейрамхана қожайыны:

–  Электр энергиясы қымбаттады. Сондықтан бағаны көтеруге тура келді. 10-15%-ке көтеретін шығармыз. Бірақ тұтынушылардан айырылып қаламыз ба деп қорқамыз.

Индонезияда пальма мен өсімдік майын экспорттауға тыйым салды

Украиндағы ахуалға байланысты әлемде азық-түлік қымбаттаған үстіне қымбаттап барады. Кеше пальма мен өсімдік майының бағасы күрт өсіп, биржада тарихи жоғары көрсеткішке жетті. Оған Индонезияның дүние жүзінде азық-түлік қорының азайып кету қауіпінен қос өнімді экспорттауға тыйым салуы әсер еткен. Мамандар бұл әлемде азық-түліктің одан әрі қымбаттауына әкелуі мүмкін деп отыр. Себебі Индонезия дүниежүзіндегі пальма майының жартысын өндіреді.