АҚШ – қорғаныс саласына ең көп қаржы құятын ел

АҚШ – әлемде қорғаныс саласын зерттеу мен дамытуға ең көп қаржы жұмсайтын мемлекет. Соңғы 10 жылда Құрама Штаттардың қарулануға құйған ақшасы 24%-ке өскен,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар АҚШ әсіресе заманауи әскери технологияларға айрықша көңіл бөліп отырғанын алға тартады.

Жалпы әлемде соңғы 7 жылда қорғаныс саласына қаржы қарастыру 2 трлн 1 млрд долларға артқан. Бұл қаражаттың 38%-ті Құрама Штаттарға тиесілі.