АҚШ-та Илон Маск твиттерді $44 млрд сатып алады

Әйгілі кәсіпкер Илон Маск Твиттер әлеуметтік желісін 44 млрд долларға сатып алатын болды. Форбстың мәліметінше байлығының жалпы құны 219 млрд долларға бағаланған Илон Маск сөз бостандығы демократияның негізі дей келе, Твиттер адамзат  үшін маңызды мәселелердің талқыланатын алаңға айналғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Твиттердің потенциалы жоғары және оны жүзеге асыруда желі қолданушыларымен бірге жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Осы орайда Конгресстегі демократтар мұндай тенденция қауіпті деп санайтындарын жеткізді.

Джен Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

Твиттер кімнің иелігінде болса да, Президент Джо Байден алып әлеуметтік желілердің күші мен олардың адамдардың күнделікті өміріне әкелетін өзгерісіне алаңдаушылық білдіріп келеді. Ақ Үйдің басшысы технологиялық платформалардың қоғамға әкелетін зардабы үшін жауапты болу керек екендігін ескеріп, осы жолда үлкен реформалар жасалуы керектігін айтып отыр.