Испанияның Канар аралдары маңында мигранттар қайығы апатқа ұшырады

Испанияның Канар аралдары маңында мигранттар қайығы апатқа ұшырады

26 босқын із-түзсіз жоғалып кетті. 34 мигрант құтқарылды. 1 адамның денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Сахарадан шыққан қайықта 60 босқын болған. Испания жағалау күзеті Гран-Канария аралының оңтүстігінен тағы 2 кемеге мінген 63 босқынды құтқарып алды. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. Мароккоға жақын жатқан Канар аралдары мигранттардың Еуропаға өту үшін ең көп ұмтылатын аймағына айналған. Ресми дерекке сүйенсек, былтыр Канар аралдарына 22 мыңнан аса босқын кірген.