Испанияда карантиндік шектеу жеңілдеді

Коронавирус індетіне қатысты қатаң шектеулерді Испания билігі жұмсарта бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда қоғамдық орындарда бетперде тағу талабы толығымен алынды. Барселона, Мадрид сияқты ірі қалаларда қоғамдық мерекелер ұйымдастырылып, елге туристер ағыла бастады. Испания – коронавирус індетіне қарсы қатаң шектеулерді қабылдаған Еуропаның ең алғашқы елі. Былтырғы жылдың 22 желтоқсанынан бастап дала, тіпті жеке көлікте отырған адам да бетперде тағуы керек еді. Тәртіпті сақтамаған адамға 100, мейрамхана мен дәмхана иелеріне 5 мың еуроға дейін айыппұл салынған. Осылайша пандемия кезіндегі бір жарым жыл ішінде 200 000 айыппұл жазылып, 2,5 млн евро өндірілген. Енді, міне, үш күннен бері қатаң карантин шаралары жеңілдеп, Испания тұрғындары қоғамдық орындарда маска тақпайтын болды.

Хуан, көз дәрігері:

Медициналық ұжым, қоғамдық көлік және оптикада масканы тағу әлі де міндеттеледі. Әрине, бетпердеден шаршадық әрі қазір күн ыси бастады. Сондықтан Испания халқы үкіметтің жаңа қаулысын қуана қабылдады.

Дегенмен Испания үкіметінің маска тағуға қатысты шешімін ерте деп сынайтын қоғам белсенділері де бар. Әлі күнге дейін әрбір 100 мың адамның 450-і вирус жұқтырады. Тәуліктік дерек елу болған кезде ғана шектеулер алынуы тиіс, - деп жазады жергілікті басылым.

Данил, студент:

Университетте маска тағу міндеттелген еді. Жақында ғана мұндай қатаң талаптың күші жойылды. Әрине бұл студенттер үшін қуанарлық жағдай. Бетпердемен жабық кабинетте күн ыстықта сағаттап отыру өте қиын.

Пабло, қоғамдық тамақтану саласының қызметкері:

– Қоғамдық орындарда бетпердені шешпеген дұрыс. Көп адам жаныңа қатты жақындағанда, басқа да вирустық ауру тез жұғады.

Пандемия кезінде Испанияда 10 млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды. Індет құрбаны болған науқас саны жүз мыңға жуықтады. Халықтың 90 проценті коронавирусқа қарсы епке салдырды. Дегенмен карантин талаптары жеңілдей бастағалы бері елге турист легі артқан. Бір ғана Барселонаға биыл 9 млн-нан астам турист келеді, деген болжам бар.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач

Сондай-ақ...