Арменияда оппозиция жаппай шеруге шықты    

Армения астанасында оппозиция өкілдері бас көтерді. Шеруге шыққандар премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Никол Пашинян «Таулы Қарабақты Әзербайжан құрамында деп мойындау туралы келісім жасасуға ниетті» деп айыпталып отыр. Ереуілшілер Ереванның орталығын жауып тастады. Полиция 10-нан астам белсендіні қамауға алды. Оппозиция бүкіл ел бойынша 5 күн бойы ереуілдетуді, сосын 1 мамырда үлкен митинг өткізуді жоспарлап отыр.