Ресей мен Украинадағы Қытайдың дрон компаниясы жабылды 

Қытайдың дрондар мен видеотехника өндіретін DJI компаниясы Ресей мен Украинадағы жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешім азаматтық мақсатта қолданылатын өздігінен ұшу құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған. Қазір өнімнің сәйкестік талаптары қайта қарастырылып жатыр. Компания ресейлік және украиналық бизнес-серіктестер мен тұтынушыларға іскерлік операция тоқтаған күннің өзінде өзара байланыстың жалғасатынына уәде берген. Осының алдында Қытай кәсіпорыны дрондарын әскери мақсатта қолдануға келіспейтінін ескерткен болатын.

Сондай-ақ...