Ресей мен АҚШ тұтқындағы адамдарды алмастырды

Ресей мен АҚШ билігі арадағы шиеленіскен ахуалға қарамастан ұзақ уақыт келіссөздерден кейін тұтқындағы адамдарды алмастыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше тараптар абақтыда отырған Константин Ярошенко мен Тревор Рид есімді екі тұтқынды Түркия елінде бір-біріне табыстады. Ұшқыш Константин Ярошенко 2010 жылы Либерияда ірі есірткі контрабандасымен ұсталған еді. Кейін АҚШ-қа ауыстырылып 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал америкалық Тревор Рид 2019 жылы Мәскеуде полиция қызметкерімен жанжалдасқаны үшін 10 жылға қамалған болатын.