476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ЕАЭО-да қосымша импорт мәселесі талқыланып жатыр

  • 209
  • UPD: 14:22, 28.04.2022
ЕАЭО-да қосымша импорт мәселесі талқыланып жатыр

Ішкі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар аясында Еуразиялық экономикалық одаққа параллельді импортқа рұқсат беру Еуразиялық экономикалық комиссияда талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наурыз айында Ресей үкіметі Батыс санкцияларына жауап ретінде елге құқық иесімен келіспей, түпнұсқа импортты тауарларды кіргізуді заңдастырған болатын. Автокөлік, қосалқы бөлшектер, смартфондар мен түрлі құрал-жабдық әкелуге параллельді импортқа рұқсат берілді. Бұдан басқа, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санкциялар енгізуден туындайтын қауіп-қатерді еңсеру үшін Еуразиялық экономикалық комиссия жекелеген тауарларды кеден баж салығынан босату туралы шешім қабылдады. Бұл қатарға ет, сүт өнімдері, күнбағыс тұқымы, көкөніс, шырындар, қант пен какао-ұнтақ жатады.

Ия Малкина, ЕЭК ресми өкілі:

- Параллельді импортқа рұқсат беру Еуразиялық экономикалық одақ экономикаларының ішкі тұрақтытылығын нығайту бойынша іс-шаралар тізіліміне кірді. Қазір Комиссия алаңында осы мәселе бойынша консультация жүріп жатыр, бірақ қандай да бір қабылданған шешімдер туралы айтуға әлі ертелеу.

Хабар 24 телеарнасы