Мексикада жұмысшылар төбелесіп, 8 адам қаза тапты

Мексикада жұмысшылар төбелесіп, 8 адам қаза тапты

Мексиканың Идальго штатындағы цемент зауытында жұмысшылар төбелесіп, 8 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 11 қызметкер жарақат алған. Бірнеше көлік пен нысанға зақым келген. Текетірес екі топтың жұмысшылары арасында болған. Шаһар губернаторы оқиғаны қатаң сынға алып, жанжал шығарған 9 адам қамалғанын хабарлады. Қылмыстық іске қатысты тергеу басталды.