Жапонияда теміржолдың бір бөлігі жасыл энергияға көшті 

Токиодағы теміржол торабының бірі толықтай жаңғыртылатын энергияға ауыспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экологиялық таза қуат Токио мен Иокогама арасындағы барлық 7 станциямен қатынайтын пойыздарда да пайдаланылады. Аялдама бекеттеріндегі автоматтар мен хабарлама тақтайшалары да жасыл энергиядан қуат алады. Бірлестік өкілдері мұндай қадам қаладағы көмірқышқыл газын азайтуға көмектеседі дейді. Жапонияда өндірлетін электр энергиясының 20 проценті ғана жаңғыртылатын қуат көздерінен алынады.