Ердоған Сауд Арабиясына іссапармен барды

Ердоған Сауд Арабиясына іссапармен барды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған соңғы 5 жылда алғаш рет ресми іссапармен Сауд Арабиясына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия басшысы бұл елдің мұрагер ханзадасы Мохаммед бин Салманмен Джидда қаласында жүздесті. Тараптар Анкара мен Эр-Рияд арасындағы ынтымақтастықты қалпына келтіру мәселесін талқылады. Айта кетейік, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас журналист Джамал Хашогидің қазасынан кейін суып кеткен еді. Тілші Сауд Арабиясының Ыстамбұл қаласындағы елшілікте өлтірілген. Бұл оқиға екі мемлекеттің экономикалық байланысы мен алыс берісіне сызат түсірген болатын.