Калифорнияда суды пайдалану шектеледі

Калифорнияда суды пайдалану шектеледі

АҚШ-тағы Калифорния штатының тұрғындары суды үнемдеуге мәжбүр. Себебі, тіршілік нәрінің қоры күрт азайған. Шектеу 1-ші маусымнан бастап күшіне енеді. Штатта судың 70 %-і бақша мен көгалдарды суаруға жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан жергілікті билік өкілдері шұғыл шара қолданылмаса жергілікті халық ауызсудан таршылық көруі мүмкін дейді. Жаңа тәртіп ондаған қаланы қамтиды. Ал аймақтағы су қоры тауларға қардың аз түсуінен азайып кеткен.