476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Саяхатшы мысық жұлдызға айналды

  • 197
  • UPD: 10:45, 01.05.2022

Иесі екеуі велосипедпен Лондон көшелерін кезіп жүрген видео бүгінде миллиондаған қаралым жинаған. Қазір жарасымды жұптың инстаграмдағы парақшасында 100 мыңнан астам оқырман бар.

Ал Тик-ток желісіндегі көрермендері 2 есе көп. Үй жануары иесінің айтуынша, серуенге шығар алдында ол Сигрид атты мысығының құлағына үнемі күннен қорғайтын крем жағады екен. Ал желді күндері көзілдірік тағатын көрінеді. Жалпы бұл жұпқа тәнті болғандардың қатарында қарапайым азаматтар ғана емес, әлемдік брендтер де бар. Сондықтан болар, әйгілі мысыққа арнайы сыйлықтар жібере бастапты.

Хабар 24 телеарнасы