«Азовсталь» зауытынан 20 адам эвакуацияланды

Зеленскийдің айтуынша, жуырда Ресей әскері Днепропетровск облысы мен Одессаны бомбалаған. 

Қазір халықты қауіпті аймақтардан алып шығу қиын болып тұр. Жуырда Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» комбинатына жасырынған 20 адам эвакуацияланды. Ал ел президенті Владимир Зеленский қарулы қақтығыста қаза тапқан Ресей әскерінің санын жариялады.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Басқыншылар елдің шығысында жаңа шабуыл ұйымдастыру үшін қосымша күш тартып жатыр. Түк пайдасы жоқ соғыста 23 мың ресей әскерінің көзі жойылды. Олардың саны әлі де артады. Біздің әскер Ресейдің мыңнан астам танкін, 200 ұшағы мен 2,5 мың әскери көлігін құртты. Бұған қарамастан олардың да тоқтайтын түрі жоқ. Ресей әскерінің қолында әлі зымырандар бар. Ресей командирлері болса жалған ақпарат таратып отыр. Біз бәрібір өліспей беріспейміз.