АҚШ-та торнадодан 6 мыңнан астам адам жарықсыз қалды

АҚШ-та торнадодан 6 мыңнан астам адам жарықсыз қалды

АҚШ-тың Канзас штатында жойқын құйын ойран салды.

Табиғаттың тосын мінезінен аймақтағы электр желілері үзіліп, 6 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.

Долы дауыл Седжуик округінде жүзден астам ғимаратқа зақым келтірген. Әзірге апаттан келген шығын мөлшері белгісіз. Құйыннан адам шығыны мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.