Түркияда 1 мамыр – Еңбек және ынтымақ күні

Бұл күн халық арасында жұмысшылар мейрамы атауымен белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мереке елде Османлы кезеңі 1911 жылдан бері тойлана бастаған. Жұмысшылар мен кәсіподақ мүшелері шерулетіп, талаптарын ұрандатады. Биыл да дәстүр өзгерген жоқ. Елдің шартарабында жұмысшылар қала орталығындағы көшелермен жүріп өтті. Негізгі символикалық орталық – Таксим. Бірақ бірнеше жылдан бері бұл жерде өтуіне рұқсат жоқ. Ал ережені бұзып, биліктің шектеуін елемеген 150 астам адам қамалды. Биыл жұмысшылар Ыстамбұлдағы Малтепе ауданында бас қосты. Бір ғана Ыстамбұлда осы күні 22 мың полиция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті.