476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Украинада бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр

  • 179
  • UPD: 10:09, 02.05.2022

Украинаның Мариуполь қаласында Ресей әскерлері қоршап тұрған «Азовсталь» зауытынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Өткен жұма күні басталған шара БҰҰ мен Қызыл крест ұйымының қатысуымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше тағы 50-ге жуық адам шығарылды. Оларды Украина әскерінің бақылауындағы Запорожьеге жеткізу қарастырылған. Киевтің мәлімдеуінше, жалпы қазірге дейін зауыттан 100-ден аса бейбіт тұрғын шығарылған.

Еске сала кетейік, өткен аптада БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Мәскеуде президент Владимир Путинмен кездесіп, Мариупольден бейбіт тұрғындарды эвакуациялау туралы келісімге қол жеткізген еді. Уағдаластыққа сай Ресей күштері жақында 2 күндік тыныштық режимін жариялап, жасыл дәліз ашқан. Жалпы Украина күштері бекінген зауытта 1 мыңға жуық бейіт тұрғын болуы мүмкін деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы