Францияда халықаралық еңбек күнінде жаппай шерулер өтті

Францияда халықаралық еңбек күніне орай 250-ге жуық шеру өтті. Олардың ең ірісі Париждегі Республика алаңында болды. Мәселен биыл мереке президенттік пен парламенттік сайлау арасында өтіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Халық саясаткерлерді елдегі өткір саяси мәселелерге назар аударуды шешкен. Оның ішінде, ең өзектісі – зейнеткерлік реформа. Бесінші республикада азаматтар 62 жаста зейнетке шығады. Бұл Еуропадағы ең төменгі зейнетке шығу жасынің бірі. Президент Эммануэль Макрон оны өзге еуропалық елдер сияқты 65 жасқа дейін ұзартуды ұсынуда. Мысалы Германия мен Нидерланды зейнеткерлікке шығу жасын 67-ге дейін көтеруді көздеп отыр.

Бұл ақылға қонымсыз. Президент мұндай реформа жүргізетін болса халық қалай көтерілетінін әлі түсінбей отырған сияқты. Қазіргі шерулер тек бастамасы.

Зейнеткер жасына  байланысты реформа қаржының жетіспеушілігінен жүргізілгелі отыр деген шындыққа жанаспайды. Биліктің зейнетке шығу жасын неге ұзартқысы келіп отырғанын түсінсем бұйырмасын. Мен 65 жасқа дейін жұмыс істедім. Сондықтан зейнеткерлікке ерте шыққан дұрыс деп айта аламын.

Шерушілерді мазалап отырған тағы бір түйткіл жалақыны көтеру мәселесі. Елде инфляция деңгейі соңғы 40 жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткен. Осымен қатар, кәсіподақтар санитарлық дағдарыстан кейін мемлекеттік ауруханаларды қаржыландыруды ұлғайтуды талап етіп жатыр. Сарапшылар бұл мәселелер алдағы парламенттік сайлаудың нәтижесіне әсері көп болғалы тұр дейді.