Грузияда толассыз жауын тасқынға ұласты

Грузия астанасы Тбилисиде толассыз жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді. Табиғат апатынан қаланың кей ауданындағы тұрғын үйлер мен дүкендерді су басып, бірақатар жол су астында қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан көлік көлік қатынасы іркіліп, кептелістер пайда болды. Қазір коммуналдық қызметтер тасқынның салдарымен күресіп жатыр. Сондай-ақ Грузияның Дманиси қаласына жақын жерде 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы осы елдің сейсмикалық бақылау ұлттық орталығы хабарлады. Жапа шеккендер мен қираған ғимараттар туралы әзірге ақпар жоқ.