Жапонияда қарақұмық кеспесі қымбаттады

Жапонияда халық арасында кеңінен танымал «соба» деп аталатын тағам, яғни қарақұмық кеспесі соңғы 10 жылда алғаш рет қымбаттаған. Оған инфляция мен Украинадағы ахуал әсер еткен көрінеді. Өйткені күн шығыс елі қарақұмықтың 42 процентін ғана өзінде өндіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалғанын сырттан импорттайды. Басым бөлігін  Ресейден тасымалдайды. Қарулы қақтығыс пен санкциялардың кесірінен ресейлік шикізатты жеткізу қиындап, жергілікті дәмханалар тағамдарының бағасын көтеруге мәжбүр болған.

Рю Ишихара, дәмхана қожайыны:

Алдымен коронавирус, енді мына соғыс есімізді шығарды. Осының бәрі қашан бітеді екен. Басында індет ары кетсе жарты жыл ғана жалғасатын шығар деп ойлаған едім. Бірақ аяқталар түрі жоқ.

Сондай-ақ...