Гонконг шетелдіктерге шекарасын ашты

Гонконг билігі соңғы 2 жылда алғаш рет шетелдіктерге шекарасын айқара ашты.

Бірақ саяхатшылар толық вакцина алған болуы тиіс. Ұшақтан түскеннен кейін ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуі керек. Гонконг аумағына кіргеннен кейін сынаманы қайтадан тапсыру міндеттелген. Сондай-ақ туристер арнайы жасақталған қонақ үйде бір апта карантинде болады. Жергілікті билік пен бизнесмендер шектеулердің жеңілдетілуі туризмге серпін бере деп сенеді. Былтыр Гонконгке адам әдеттегіден 2 есе аз келген.