Ресей күштері Мариупольдегі зауытты тағы атқылады

Ресей күштері Мариупольдегі Украина жасақтары бекінген Азовсталь зауытын қайта атқылауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Рейтер агенттігі мәлімдеді. Өндіріс ошағында өткен күндері бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген еді. Ресей тарапының мәлімдеуінше, соңғы 2 күнде зауыттан тағы 200-ден аса адам шығарылған. Олардың 50-ден астамы Ресей әскерінің бақылауындағы ауданға, қалғаны Украина күштерінің қол астындағы жерге көшірілген. Президент Владимир Зеленский бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды жалғастыру талқыланып жатқанын айтады. Зауыттағы Азов полкі командирінің орынбасары Святослав Паламарьдың айтуынша, өндіріс орынында әлі 200-дей бейбіт тұрғын бар.

Еске сала кетейік, өткен аптада БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Мәскеуде президент Владимир Путинмен кездесіп, Мариупольден бейбіт тұрғындарды эвакуациялау туралы келісімге қол жеткізген еді. Уағда бойынша Ресей күштері жақында 2 күндік тыныштық режимін жариялап, жасыл дәліз ашқан болатын.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Қазір Азовсталь зауытынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау мәселесін талқылап жатырмыз. Адамдар ол жерден шығуға қорқады. Барлығы Ресей тарапына байланысты. Көріп отырсыздар ғой БҰҰ да араласып жатыр. Мұның барлығы күрделі мәселе. Неліктен? Өйткені Ресей тарапына сенім жоқ.

Сондай-ақ...