Нигерияда тұрғын үй қирап, сегіз адам мерт болды

Нигерияның Лагос қаласында 3 қабатты тұрғын үй қирады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 8 адам мерт болған. 23 адам құтқарылды. Құтқару операциясына білікті мамандар мен еріктілер тартылды. Әзірге ғимаратта нақты қанша адам болғаны белгісіз. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетейік, 14 млн халқы бар шаһарда мұндай оқиға жиі тіркеледі. Соңғы рет өткен жылдың қарашасында көп қабатты ғимарат құлаған болатын. Салдарынан 40 адам көз жұмды. Тұрғындар елде құрылыс нормативтері мен қауіпсіздік ережелері сақталмайтынын айтып шағымданады.