Әлем елдері денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру керек – Билл Гейтс

Әлем елдері денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру керек – Билл Гейтс
РИА Новости

Миллиардер Билл Гейтс әлемде СОVID-19 вирусының жаңа модификациялары пайда болуы мүмкін деп санайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бизнесмен омикроннан кейін одан әрі эволюция болады деп болжап отыр және коронавирустың қауіпті түрлерінің пайда болу ықтималдығы туралы мәлімдеді. «Бізде коронавирустың осындай нұсқасына тап болу қаупі бар, ол одан да жұқпалы және соңы өлімге әкеледі», – деді Гейтс. Ол инфекцияларға қарсы тұрып, коронавирустық пандемияға ұқсас қауіптердің алдын-алу үшін денсаулық сақтау саласында ұлттық ұйым құру қажет деп санайды. Әлем елдерін Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыруға шақырды.