Уганданы қымбатшылық жайлап барады

Бұған Украинадағы қарулы-қақтығыс пен  елдегі эпидемиологиялық жағдай түрткі болды. Аймақта ең қажетті тауар түрлері мен азық-түліктің бағасы шарықтап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе май, дәнді дақылдар мен қанттың құны аспандап тұр. Елде жанармай тапшылығы да сезіле бастады. Билік өкілдерінің айтуынша соңғы кездері Украина мен Ресейден бидай мен тыңайтқыштың жеткізілуі қиындап кетті. Бұл аймақтағы жағдайды одан бетер ушықтыра түспек дейді сарапшылар. Аймақта темір, аллюминий мен никель де жеткізілмей қойды. Әдетте бұл тауар түрлері Ресей мен Украинадан импортталатын еді. Айта кетейік онсыз да  34 млн халқы бар Уганда жұртының үштен бір бөлігі кедейліктің шегінде өмір сүреді. Енді мамандар елдің экономикалық ахуалы бұдан да қиындай түсуі мүмкін деп дабыл қағуда.