Үндістандағы жекеменшік мектептерде оқу құны қымбаттады

Үндістанда коронавирус пандемиясы басталғалы жекеменшік мектептерде оқу бағасы 15%-ке қымбаттады.  Төмен жалақы мен жұмыссыздықтың жайлануына байланысты халық оқу құнын төлеуге қауқарсыз. Енді ата-аналар балаларын ақылы білім ордаларынан шығарып алуға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы 4 млн-ға жуық оқушы арзан немесе мемлекеттік мектептерге ауыстырылған болатын. Бұл жекеменшік мектептерде оқитын балалардың шамамен 4 проценті. Тұрғындар биыл да жағдайдың қиындап бара жатқанын айтады. Айта кетейік, әдетте Үндістандағы әр отбасы табысының 20 процентін балалардың біліміне жұмсайды.

Сондай-ақ...