Сербияда карантиндік шектеулерді жеңілдетті

Сербия билігі бүгіннен бастап шет елден келгендер үшін карантиндік шектеулерді жеңілдете бастады. Бұл туралы осы елдің министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа тәртіпке сай ел аумағына кірген сербиялықтар мен шетел азаматтарынан вакцинаны растайтын құжат пен птр тесттің теріс нәтижесі талап етілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ковидпен ауырып шыққанын растайтын анықтама да қажет емес. Биліктің бұл шешіміне аймақтағы эпидахуалдың тұрақталуы себеп болды. Десе де Сербияда жабық ғимарат ішінде маска тағу режимі әлі де өз күшінде. Естеріңізге салайық, өткен аптада Грекия, Литва мен Болгария да коронавирустық шектеулерді жеңілдеткен болатын.