АҚШ-та пойыз жеңіл көлікті соғып кетті

АҚШ-тың Флорида штатында пойыз жеңіл көлікті соғып кеткен. Салдарынан автокөлік жүргізушісі қаза тапты. Оқиғадан кейін аймақтағы теміржол қатынасы бірнеше сағатқа тұралап қалды. Көлік неліктен шойын жолда тұрғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Асошиэйтед пресс» ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек аймақта теміржол апатынан 2017 жылдан бері 60-қа жуық адам мерт болған екен.