Еуропа халқының 60%-і семіздіктен зардап шегеді

Еуропа халқының 60 проценті артық салмақтан зардап шегеді. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі.

Мамандар кәрі құрлықта тұратын балалардың үштен бірінде осы проблема барын айтады. Семіздікке шалдыққандар саны әсіресе пандемия кезінде артқан. Өйткені жұрт көп уақытын үйде өткізіп, спортпен аз шұғылданған.

Ұйым мәліметіне сәйкес, жыл сайын артық салмақтан миллионнан аса адам көз жұмады. Мамандар семіздік, қатерлік ісік, диабет пен жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін арттыратынын ескертеді.

Дания Джулианна Уильямс, ДДСҰ Еуропа бюросының өкілі:

- Пандемия кезінде адамдарың белсенділігі төмендеді. Дұрыс тамақтанбағандар көбейді. Бұл мәселе бізді қатты алаңдатып отыр. Адамдарды жаман әдеттерінен арылуға шақыру жеткіліксіз. Билік семіздікпен күрес саясатын өзгертуі қажет. Мәселен, құрамында қанты көп сусындарға салық салып, ондай өнімдердің жарнамасын шектесе жақсы болар еді. Бұл әсіресе балалар үшін маңызды.