Германия тұрғындары жер телімін жаппай сатып ала бастады

Германия тұрғындары бау-бақшасы бар жер телімдерін жаппай сатып ала бастады.

Өйткені Наурыз айындағы мәлімет бойынша елдегі көкөніс бағасы 15 процентке қымбаттаған. Қазір бұл қымбатшылық ұлттық деңгейдегі мәселеге айналып отыр. Жер телімін біржола сатып алып жатқандар да, уақытша жалдап отырғандар да бар. Қазір бір маусымға жалдау ақысы 200 еуро тұрады. Тұрғындар базар мен дүкеннен сатып алғанша бау-бақшада өсірген көкөніс арзанға түседі дейді.

Мамандардың сөзінше, қымбатшылыққа Украинадағы соғыс әсер етіп отыр.