Жапониядағы балалардың саны қысқара бастады

Жапониядағы балалардың саны соңғы 70 жылда ең төмен көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша күншығыс елінде 14 жасқа толмаған 14 млн 500 мың қыз бен ұл бала бар. Бұл Жапония тұрғындарының тек 12 проценті ғана деп есептеліп отыр. Статистикаға сүйенсек аймақта балалардың саны 1982 жылдан бері кеми бастаған. Сарапшылар әлем елдерін жайлаған коронавирус пандемиясы басталғалы да елде бала туу көрсеткіші айтарлықтай азая бастағанын айтады.