Австралияда мұғалімдер жалақыны өсіруді талап етіп жатыр

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында мұғалімдер наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның мақсаты – еңбекақыны өсіру, жұмыс істеуге жағдай жасау. Педагогтардың пікірінше, қазіргі жалақы мардымсыз. Акцияға қатысу үшін Сиднейдің орталығына білім саласының мыңға жуық маманы келген. Олар күш біріктіріп, үкіметке талап қойды. Бірақ жергілікті билік мұғалімдерді келесі бюджет бекітілгенше сабыр сақтауға шақырды.