Перуде кеншілер шеруге шықты

Перу астанасы Лимада жүздеген кеншінің шеруге шығудағы басты талабы – апталап шахтаға апарар жолды бөгеп тұрған адамдарды құрту, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені олар жұмысын жалғастырғысы келетін кеншілерге кедергі келтіріп жатқан көрінеді. Сондықтан жергілікті билік бұл мәселеге араласып, түйткілді тезірек шешкенін қалайды.

Эрик Рамос Луна, тау-кен компаниясы жұмысшылар кәсіподағының бас хатшысы:

– Үкімет бұл жағдайды күні бұрын көріп, білуі керек еді. Оның алдын алу үшін ешқандай әрекет жасамады. Тек зорлық-зомбылық актілері орнаған кезде ғана төтенше жағдай жариялады. Өте өкінішті.

Сондай-ақ...