Қытайда метро станциялары жұмысын тоқтатты

Бейжіңде 60-тан аса метро станса жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл коронавируспен күрестің қосымша шарасы ретінде қабылданған шешім, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі тәулікте шаһарда індет жұқтырудың 50-ден аса дерегі тіркелді. Ауру ошақтары тіркелген аудан тұрғындарына басқа өңірлерге қатынауға тыйым салынған. Бұған дейін мұнда спорт залдарының жұмысы шектелген. Ал қоғамдық тамақтану орындарына меймандарды қабылдауға тыйым салынды. Десе де билік Шанхайдағыдай қатаң локдаун енгізбейміз дейді. Бейжің жұрты аптасына 3 рет ПТР-тест тапсырып отыруы тиіс.