Украинада театрдағы жарылыстан 600 адам қаза тапты

Украинада театрдағы жарылыстан 600 адам қаза тапты

Наурыз айында ресей әскерінің Мариупольдағы театрға жасаған шабуылынан 600 адам қаза тапты, «Хабар 24».

Бұл Associated Press ақпарат агенттігінің тілшілері жасаған зерттеудің нәтижесі. Мамандар тірі қалған 23 тұрғынмен сұхбаттасқаннан кейін осындай қорытындыға келіп отыр. Бұған дейін шаһар билігі 300-ге жуық адам мерт болды деп хабарлаған. Куәгерлердің айтуныша бір ғана асхананың өзінде 100 адам болған екен. Олардың біреуі де тірі қалған жоқ. Жалпы жарылыс кезінде театрдың ішінде бір мыңға жуық адам болған.  Бұған куәгерлердің ұсынған суреттері дәлел. Тұрғындар ғимарат Украинаның әскери базасы болды деген Ресей мәлімдесесін жоққа шығарып отыр.