Мариупольден тағы 344 бейбіт тұрғын эвакуацияланды

Осы Мариуполь қаласынан тағы 344 бейбіт тұрғын эвакуацяланды. Олар  Украина күштерінің бақылауындағы Запорожье шаһарына жетті. Бұл туралы президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Кеше шаһардан Запорожьеге 150-ден астам адам барған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украина басшысының айтуынша, Ресей тарапымен бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы келіссөз жалғасуда. Ақпарға қарағанда Ресей күштері шараны жүзеге асыру үшін бүгіннен бастап 3 күн бойы шаһарда әскери қимылдарды тоқтататынын мәлімдеген. Бірақ Азовсталь зауытына бекінген Украина күштері өндіріс орнына шабуыл үдегенін айтады. Ал ресми мәліметке қарағанда қалада қазір 100 мыңнан аса бейбіт тұрғын бар.