АҚШ-та Килауэа жанартауы қайта ояна бастады

АҚШ-тың Гавай аралрдарындағы Килауэа жанартауы қайта ояна бастағандай. Осы елдің Геологиялық қызметінің хабарлауынша, соңғы екі аптада отты таудан қызыл шоқ тоқтамай ағып жанартаудың шұңқыры лаваға тола бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар мұның соңы жанартаудың қатты атқылауына әкелуі мүмкін деп отыр. Айта кетейік, Гавай аралындағы жанартау соңғы рет қатты атқылауы 2018-жылы болып, мыңдаған үй бүлінген еді.