ЕО-ның екі елі Ресейге қарсы мұнай санкциясынан босатылуы мүмкін

Еурокомиссия ЕуроОдақта Ресей мұнайына қатты тәуелді екі мемлекеттің мұнай санкциясына қатыстырмауды ұсынды. Ақпарт құралдарына хабарлауынша мәселе Венгрия мен Словакияға қатысты болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елдерге 2024 жылға дейін Ресейден мұнайды импорттауға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Брюссельде Еурокомиссияның ресми өкілі Эрик Мамер мәлім етті. Еске салайық, бұған дейін Еурокомиссия ЕуроОдақ Кеңесіне Ресейге қарсы санкциялардың 6-топтамасын жолдады. Шектеу шаралрының ішінде жарты жылдан кейін Ресей мұнайына эмбарго, ал 2023-ші жылдан бастап мұнай өнімдерін сатып алуға тыйым салу бар.

Эрик Мамер, Еурокомиссияның ресми өкілі:

Біз географиялық орналасуына байланысты ЕуроОдақ ішінде Ресей мұнай құбырына қатты тәуелді елдердің жағдайын ескеруді ұсындық. Осы себепті Одаққа мүше елдердің бәрінің шикізатты алу мүмкіндігі болу үшін шаралардың теңдестірілуін қадағалайтын боламыз.