АҚШ-та жойқын торнадо ойран салды

АҚШ-тың Оклахома штатында жойқын торнадо ойран салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпінді желден электр желілерін үзіп, ағаштар түп орнымен жұлынып қалған. Салдарынан 14 мыңға жуық адам жарықсыз қалды. Қатты дауылдан көптеген  ғимаратқа зақым келді. Кей тұрғын үйлердің тас талқаны шықты.  Құтқарушылар апатты аймақтардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялап, оларды уақытша лагерьлерге орналастыра бастаған.  Әзірге дауылдан жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Ал мамандар табиғат апатынан келген шығын мөлшерін есептеуге кірісті.