Ресей оңтүстігіндегі әуежайларға қатысты шектеуді созды

Ресей өзінің оңтүстігіндегі 11 әуежайға ұшуға шектеуді мамырдың 13-іне дейін созды. Бұл туралы осы елдің Әуе көлігі жөніндегі федералдық агенттігі  хабарлады. Шешімге байланысты бұл әуежайларды пайдаланып келген компанияларға баламалы бағыттарды қолдануға кеңес берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, Ресей өзінің оңтүстігіндегі әуежайларға ұшуға шектеуді ақпанның 24-і күні, яғни Украинадағы әскери қимылдарды бастай салысымен енгізген болатын. Содан бері шешім,,, бірнеше мәрте ұзартылған.