Шри-Ланкада азық-түлік тапшылығы туындауы мүмкін

Шри-Ланкада азық-түлік дағдарысы басталуы мүмкін.

Жергілікті сарапшылар осылай деп дабыл қақты. Өйткені биыл егістің түсімі аз. Бір жыл бұрын президент химиялық тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салған.

Соның салдарынан, мәселен, күріш өндірісі 50 процентке қысқарған. Ауыл шаруашылығы саласындағы қиындықтардан бөлек қазір аралдағы мемлекет 1948 жылы тәуелсіздік алғалы ең күрделі экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр. Таяуда билік сыртқы қарыз бойынша дефолт жариялады. Азық-түлік қымбаттап кеткен. Жұмыссыздық көбейді. Билік енді туризмді жандандыруға бел шешіп кіріскен. Өйткені пандемияға дейін осы сала бюджетке мол табыс әкеліп отырған.