476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Испанияда азық-түлік бағасы шарықтап кетті

  • 163
  • UPD: 08:06, 06.05.2022
Испанияда азық-түлік бағасы шарықтап кетті

Украинадағы қарулы қақтығыс Еуропадағы өнеркәсіптік дағдарысты тудырды. Әсіресе Испанияда азық-түлік күрт қымбаттап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Испанияға күнбағыс майы импортының төрттен бірі Украинадан жеткізіліп келген. Тек өткен жылы Украина 6,5 млн тонна күнбағыс майын шетелге экспорттаса, оның отыз проценті Еуропа елдеріне тасымалданған. Украинадағы соғыс салдарынан тауар тасымалдайтын теңіз порттары жабылған. Сондықтан биыл Испанияға өнім жеткізілген жоқ. Салдыран елдегі азық-түлік 15-20 процентке қымбаттады. Оның үстіне адам басына сатылатын күнбағыс майының мөлшері шектелді.

Соңғы апталарда тауар бағасы қатты өсті, май және сүт өнімдерінің құны 20%-ке дейін артты. Бір адам 5 литр ғана күнбағыс майын сатып ала алады.

Бұл супермаркеттегі тауардың бағасы күрт көтерілді. Сондықтан кей тауар түрін қаланың басқа жерінен арзанға іздеймін.

Еуропа елдері жанар-жағармайдың да өсімін бірден байқады. Айталық, Франция, Италияда ай-95 маркалы бензиннің бір литрі 3 евроға дейін жетті. Испанияның әр өңірінде жүргізушілер көтеріліске шығып, жұмысын тоқтатқан соң Испания билігі көмек-субсиядия енгізді. Яғни, барлық бекеттерде жанармай бағасы 20 проценте төмендетілді.  

Хуан, жүргізуші:

Әзірге мемлекет субсидиясының септігі тиіп тұр. Бірақ бұл жеңілдік ұзаққа созылмауы мүмкін. Тауар мен бензин бағасының шарықтауы бізді қатты алаңдатып отыр.

Украинадағы геосаяси ахуал Қазақстанмен арадағы экономикалық байланысқа да кері әсер тигізіп отыр. Мысалы, екі ел арасындағы тауар айналымы биыл қырық процентке төмендеген. Былтыр еліміз Украинадан 2,3 млн долларға дәрі-дәрмек сатып алған еді. Биыл оған мүмкіндік болмады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач

 

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы