Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметінен кетеді – АҚШ

Ақ үй басшысының қазіргі баспасөз хатшысы Джен Псаки мамырдың 13-і қызметінен босайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл орынға оның орынбасары Карин Жан-Пьер отырады. Осылайша бұл лауазымда алғаш рет қара нәсілді, әрі, ЛГБТ қауымдастығының өкілі тағайындалмақ. Жден Псаки болса, бір жылдан кейін орнын босататынын өткен жылы хабарлаған болатын. Axios порталының хабарлауынша, енді ол телевизия саласында қызмет етпек. Ел президенті Джо Байден Псакиге ақ жол тілеп, Карин Жан-Пьерді жаңа лауазымымен құттықтап үлгерді. 

Сондай-ақ...