Ливияда ескі құранды тегін жаңартады

Ливия астанасы Триполиде еріктілер Құранның ескі және бүлінген нұсқаларын қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белсенділер бұл сауапты істі 2006 жылы қолға алған. Содан бері жарты миллионнан астам қасиетті кітапты қайта өңдеп шығарған. Шеберханада барлығы 15 адам тегін жұмыс істейді. Сонымен бірге олар қалпына келтіру жұмысын өзгелерге де үйретеді. Олардың айтуынша, адамдар елдің түкпір-түкпірінен келеді.

Албалул Әл-Әлуани, шеберхана иесі:

– 2006 жылдан бері біз 600 мың Құранды қалпына келтірдік. Сондай-ақ қалпына келтіру жұмысын үйрететін 160 курс өткіздік. Құран Кәрімді бізге тұрғындар алып келеді, 2-3 күнде қалпына келтіреміз.