АҚШ-та бірқатар штатты топан су басты

АҚШ-та бірқатар штатты топан су басты

АҚШ-тың Батыс Виргиния штатында толассыз нөсер соңы су тасқынына ұласты.

Абырой болғанда, құрбандар туралы ақпарат жоқ. Алайда метеорологиялық қызмет өкілдері штат тұрғындарының жартысына ескерту жариялады. Өйткені жергілікті өзендер арнасынан тасыған. Билік жұртты эвакуацияға дайын болуға шақырды. Ал Арканзас штатында тасқынға байланысты тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Көршілес Оклахомада да бірнеше елді мекенді су басты. Осының алдында ғана бұл өңірде алапат құйын ойран салған еді.