Ресейде 16 елді мекен оттың ортасында қалды

Ресейде 16 елді мекен оттың ортасында қалды

Ресейдің Краснояр өлкесінде тұтас елді мекендер өртеніп, тұрғындар көшіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 адам көз жұмып, тағы 20-ға жуығы жарақат алды. Орманда шыққан от 16 елді мекенге таралған. 200-ден аса құрылыс нысаны өртеніп жатыр. Бүкіл өңірде төтенше жағдай тәртібі жарияланды. Өртті сөндіру қиын. Қазір Краснояр өлкесінде жел күшейіп, отты одан сайын өршелендіріп тұр. Кейбір жерде желдің екпіні секундына 40 метрге дейін жетеді.