Ауғанстандағы әйелдер хиджаб киюге міндетті

Тиісті талап туралы «Талибан» қозғалысының өкілдері жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін қыз-келіншектер оған бағынбаса, жұмыстан босатылады. Қызы не әйелі хиджабсыз жүрсе,  мемлекеттік органдағы ер адам да қызметінен айырылуы мүмкін. Жаңа талап бойынша, қыз-келіншектерге тек көзін ғана ашып жүруге рұқсат. Егер қоғамдық орында ереже бұзылса, әйелдің әкесі не күйеуі бас бостандығынан айырылуы мүмкін.